Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 26.01.2024 № 8С-15/3-24 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-48/5-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7841 болып тіркелген, 2020 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
5-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі";
8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"8. Әлеуметтік көмек алушылардың мына санаттарына:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
"Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге және тек қана мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнеткерлерге;
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғаларға;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға, амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға, адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы бар балаларға);
көп балалы отбасыларына;
аз қамтылған отбасыларға жататын көп балалы отбасыларға;
ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларына);
аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;
аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;
саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына;
саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендерге;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) көрсетіледі.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді орган бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";
9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органымен келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
2) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:
саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына;
саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендерге;
3) Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
"Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
4) Қарттар күніне:
ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге және тек қана мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнеткерлерге;
5) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:
18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғаларға;
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге.";
10-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"10. Табыстары есептелмей бір рет әлеуметтік көмек мына азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларына) – өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтамасы негізінде. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді, бұл ретте әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткішке тең;
2) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға) – дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы негізінде 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) әлеуметтік көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққанын растайтын анықтама негізінде көрсетіледі:
аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге – күндізгі оқу формасы бойынша оқуын төлеу үшін, жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде, жыл сайын;
аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге – күндізгі оқу формасы бойынша оқуын төлеу үшін, жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде, жыл сайын;
4) көп балалы отбасыларға – облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен алушының мәртебесін растайтын құжат ұсынылған кезде қалалық жолаушылар көлігі маршруттары бойынша жол жүру ақысын төлеуден босату түрінде;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, босатылған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей өтініш бергендерге.";
мынадай мазмұндағы 10-1 тармағымен толықтырылсын:
"10-1. Табыстары есептелмей ай сайын әлеуметтік көмек мына азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:
1) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға) – әлеуметтік төлемдер жөніндегі арнайы комиссияның шешімі және дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы негізінде 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азық-түлік пакеті;
2) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы бар балаларға) – дәрігерлік-кеңестік комиссиясының анықтамасы негізінде ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде.";
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі";
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер";
5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"5-тарау. Қорытынды ереже".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық дамыту, экология және ардагерлермен жұмыс жасау мәселелері бойынша Ерейментау аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Е.Биекенов |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
К.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданының әкімдігі |