2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Біржан сал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Пайдалы қазбаларға барлау жүргізу мақсаттары үшін Біржан сал ауданы Ақсу ауылының әкімшілік шекараларында Шуақ кен алаңында орналасқан жалпы алаңы 11817 гектар "Кең шуақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін алып қоймастан, 2021 жылғы 14 мамырға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Кең шуақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қазбаларға барлау жүргізу мақсаттары үшін жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Д. Шәймерденовке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданының әкімі | Е.Нугманов |