2021 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № а-11/305 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қарашада № 8190 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, 27-бабының 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. 2021 жылға арналған Біржан сал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Т. Ахметоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданының әкімі Д.Есжанов

  Біржан сал ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 қарашадағы
№ а-11/305 қаулысына
1 қосымша

2021 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Біржан сал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Степняк су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

48

6,2

2

"ПО "Кокше-Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

624

0,3

 
  Біржан сал ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 қарашадағы
№ а-11/305 қаулысына
2 қосымша

2021 жылға арналған Біржан сал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Белгіленген квота мөлшері (%)

1

Біржан сал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Степняк су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

48

6,2

2

"ПО "Кокше-Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

624

0,6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады