Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № С-60/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 8275 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 06.10.2022 № С-22/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Біржан сал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Біржан сал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес, Біржан сал ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттік, депутаттық этика мен әлеуметтік даму мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданы мәслихатының сессия төрағасы М.Даулетханов
      Біржан сал ауданы мәслихатының хатшысы С.Шауенов


  Біржан сал ауданы мәслихатының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ С-60/5 шешіміне
1-қосымша

Біржан сал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 06.10.2022 № С-22/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Біржан сал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің Ақсу ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң, Ақсу ауылы, Желтоқсан көшесі, 7.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақсу ауылы, Бөгембай батыр көшесінің бойымен № 17 үйден Желтоқсан көшесімен қиылысына дейін.

      3. Ұлы Отан Соғысында қаза болған жауынгерлерге ескерткіштің алдындағы алаң, Аңғал батыр ауылы, Жанбатыр Қажы көшесі, 2.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Аңғал батыр ауылы, Ақ Қайың көшесінің бойымен № 22 үйден Амангелді көшесімен қиылысына дейін.

      5. "Перспектив Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаң, Андықожа батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 12.

      6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Андықожа батыр ауылы, Жамбыл көшесінің бойымен № 1 үйден "Перспектив Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына дейін.

      7. Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Баймырза ауылы, Досов көшесі, 14.

      8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Баймырза ауылы, Абылай-Хан көшесінің бойымен № 34 үйден Сейфуллин көшесімен қиылысына дейін.

      9. Ауылдық клуб ғимаратының алдындағы алаң, Бірсуат ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 14.

      10. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Бірсуат ауылы, Біржан Сал көшесінің бойымен № 28 үйден "Лаура" дүкеніне дейін.

      11. Пошта ғимаратының алдындағы алаң, Уәлихан ауылы, Ленин көшесі, 5.

      12. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Уәлихан ауылы, Әбілқайыр Досов, 6 көшесінен Пионерская, 1 көшесіне дейін.

      13. Ауылдық клуб ғимаратының алдындағы алаң, Еңбекшілдер ауылы, Орталық көшесі, 21.

      14. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Еңбекшілдер ауылы, Орталық көшесінің бойымен № 1 үйден ауылдық клуб ғимаратына дейін, Орталық көшесі, 21.

      15. "Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң, Заозерный ауылы, Мөлтекаудан көшесі, 30.

      16. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Заозерный ауылы, Мөлтекаудан көшесінің бойымен № 5 үйден "Заозерный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін.

      17. "Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң, Заураловка ауылы, Бәйтерек көшесі, 21.

      18. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Заураловка ауылы, "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Заураловка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратынан, Болашақ көшесі, 19 Тәуелсіздік көше арқылы "Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін, Бәйтерек көшесі, 21.

      19. "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң, Кеңащы ауылы, Ақан Сері көшесі, 33.

      20. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Кеңащы ауылы, Біржан Сал көшесінің бойымен № 1 үйден "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін, Ақан Сері көшесі, 33.

      21. "Краснофлот ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң, Краснофлот ауылы, Еңбек көшесі, 7.

      22. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Краснофлот ауылы, Мектеп көшесінің бойымен № 18 үйден Орталық көшесімен қиылысына дейін.

      23. Ауылдық клуб ғимаратының алдындағы алаң, Макинка ауылы, Валерий Чкалов көшесі, 75.

      24. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Макинка ауылы, Валерий Чкалов көшесінің бойымен ауылдық клуб ғимаратынан Киров көшесі, 80 дейін.

      25. Ауылдық клуб ғимаратының алдындағы алаң, Мамай ауылы, Біржан Сал көшесі, 17.

      26. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Мамай ауылы, Біржан Сал көшесінің бойымен № 16 үйден Шоқан Уәлиханов көшесімен қиылысына дейін.

      27. Орталық алаң, Степняк қаласы, Біржан Сал көшесі, 23.

      28. Біржан сал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаң, Степняк қаласы, Біржан Сал көшесі, 36.

      29. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Степняк қаласы, Кенесары Қасымов және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысынан Наурызбай батыр көшесінің басына дейін, Наурызбай батыр және Біржан Сал көшелерінің қиылысынан Біржан Сал көшесінің басына дейін.

      30. Мешіт ғимаратының алдындағы алаң, Үлгі ауылы, Ғарыбжан Каримов көшесі, 21А.

      31. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Үлгі ауылы, Ғарыбжан Каримов көшесінің бойымен № 1 үйден Пушкин көшесімен қиылысына дейін.


  Біржан сал ауданы мәслихатының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ С-60/5 шешіміне
2-қосымша

Біржан сал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 06.10.2022 № С-22/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Біржан сал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Біржан сал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің Ақсу ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң, Ақсу ауылы, Желтоқсан көшесі, 7, шекті толу нормасы 50 адам;

      2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақсу ауылы, Бөгембай батыр көшесінің бойымен № 17 үйден Желтоқсан көшесімен қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      3) Ұлы Отан Соғысында қаза болған жауынгерлерге ескерткіштің алдындағы алаң, Аңғал батыр ауылы, Жанбатыр Қажы көшесі, 2, шекті толу нормасы 50 адам;

      4) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Аңғал батыр ауылы, Ақ Қайың көшесінің бойымен № 22 үйден Амангелді көшесімен қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      5) "Перспектив Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаң, Андықожа батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 12, шекті толу нормасы 50 адам;

      6) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Андықожа батыр ауылы, Жамбыл көшесінің бойымен № 1 үйден "Перспектив Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      7) Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң, Баймырза ауылы, Досов көшесі, 14, шекті толу нормасы 50 адам;

      8) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Баймырза ауылы, Абылай-Хан көшесінің бойымен № 34 үйден Сейфуллин көшесімен қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      9) Ауылдық клуб ғимаратының алдындағы алаң, Бірсуат ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 14, шекті толу нормасы 50 адам;

      10) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Бірсуат ауылы, Біржан Сал көшесінің бойымен № 28 үйден "Лаура" дүкеніне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      11) Пошта ғимаратының алдындағы алаң, Уәлихан ауылы, Ленин көшесі, 5, шекті толу нормасы 50 адам;

      12) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Уәлихан ауылы, Әбілқайыр Досов, 6 көшесінен Пионерская, 1 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      13) Ауылдық клуб ғимаратының алдындағы алаң, Еңбекшілдер ауылы, Орталық көшесі, 21, шекті толу нормасы 50 адам;

      14) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Еңбекшілдер ауылы, Орталық көшесінің бойымен № 1 үйден ауылдық клуб ғимаратына дейін, Орталық көшесі, 21, шекті толу нормасы 50 адам;

      15) "Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң, Заозерный ауылы, Мөлтекаудан көшесі, 30, шекті толу нормасы 50 адам;

      16) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Заозерный ауылы, Мөлтекаудан көшесінің бойымен № 5 үйден "Заозерный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      17) "Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң, Заураловка ауылы, Бәйтерек көшесі, 21, шекті толу нормасы 50 адам;

      18) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Заураловка ауылы, "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Заураловка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратынан, Болашақ көшесі, 19 Тәуелсіздік көше арқылы "Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін, Бәйтерек көшесі, 21, шекті толу нормасы 50 адам;

      19) "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң, Кеңащы ауылы, Ақан Сері көшесі, 33, шекті толу нормасы 50 адам;

      20) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Кеңащы ауылы, Біржан Сал көшесінің бойымен № 1 үйден "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін, Ақан Сері көшесі, 33, шекті толу нормасы 50 адам;

      21) "Краснофлот ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы алаң, Краснофлот ауылы, Еңбек көшесі, 7, шекті толу нормасы 50 адам;

      22) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Краснофлот ауылы, Мектеп көшесінің бойымен № 18 үйден Орталық көшесімен қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      23) Ауылдық клуб ғимаратының алдындағы алаң, Макинка ауылы, Валерий Чкалов көшесі, 75, шекті толу нормасы 50 адам;

      24) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Макинка ауылы, Валерий Чкалов көшесінің бойымен ауылдық клуб ғимаратынан Киров көшесі, 80 дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      25) Ауылдық клуб ғимаратының алдындағы алаң, Мамай ауылы, Біржан Сал көшесі, 17, шекті толу нормасы 50 адам;

      26) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Мамай ауылы, Біржан Сал көшесінің бойымен № 16 үйден Шоқан Уәлиханов көшесімен қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      27) Орталық алаң, Степняк қаласы, Біржан Сал көшесі, 23, шекті толу нормасы 100 адам;

      28) Біржан сал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаң, Степняк қаласы, Біржан Сал көшесі, 36, шекті толу нормасы 50 адам;

      29) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Степняк қаласы, Кенесары Қасымов және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысынан Наурызбай батыр көшесінің басына дейін, Наурызбай батыр және Біржан Сал көшелерінің қиылысынан Біржан Сал көшесінің басына дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      30) Мешіт ғимаратының алдындағы алаң, Үлгі ауылы, Ғарыбжан Каримов көшесі, 21А, шекті толу нормасы 50 адам;

      31) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Үлгі ауылы, Ғарыбжан Каримов көшесінің бойымен № 1 үйден Пушкин көшесімен қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органмен келіспей бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Біржан сал ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      10. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      11. Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.


  Біржан сал ауданы мәслихатының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ С-60/5 шешіміне
3-қосымша

Біржан сал ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 06.10.2022 № С-22/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Біржан сал ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады