Есіл ауданының Есіл қаласының көшелерін және шағын ауданын қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № а-3/146 қаулысы және Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 67/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 7760 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қортындысы негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл ауданының Есіл қаласының көшелері және шағын ауданы қайта аталсын:

      СПТУ-6, Пивзавод, ПЛ-7 және Подстанция көшелері Жастар шағын ауданына;

      Дистанционная және Тупиковая көшелері Әйтеке би көшесіне;

      Нефтебаза көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне;

      Зеленая және ДСУ 446 көшелері Ақан сері көшесіне;

      Мичурин көшесі Төле би көшесіне;

      Бейбітшілік көшесі Қазыбек би көшесіне;

      Энергетиков көшесі Абылай хан көшесіне;

      Московская және Щорс көшелері Ишхан Сарибекян көшесіне;

      Фрунзе көшесі Амангелді Иманов көшесіне;

      Ростовская және АТК көшелері Бауыржан Момышұлы көшесіне;

      Мирный шағын ауданы Бейбітшілік шағын ауданына.

      2. Осы бірлескен Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы және Есіл аудандық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Балжанов
      Сессия төрайымы Л.Клименко
      Хатшысы С.Агымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады