Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша

Жаңартылған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 8293 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 16/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес, Есіл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Л.Репутацкий
      Аудандық мәслихат хатшысы С.Агымбаева
      "КЕЛICIЛДI"
      Есіл ауданының әкімдігі

  Есіл аудандық маслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 82/3 шешіміне
1 қосымша

Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 10.06.2022 № 26/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Есіл қаласы, Гагарин көшесі, 1 ғимарат.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Есіл қаласы, Гагарин көшесі, № 39 ғимараты "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық алаңына дейін.

      3. Орталық стадион алаңы, Есіл қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 1/1.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Есіл қаласы, Абылай хан және Ғарышкерлер көшелерінің қиылысынан орталық стадионға дейін.

      5. "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимаратының жанында орналасқан алаң, Ақсай ауылы, Ленин көшесі, 1 ғимарат.

      6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақсай ауылы, Ленин көшесі, "Березка" дүкенінен "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін.

      7. "Агро Олдиви" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимаратының жанындағы алаң, Бұзылык ауылы, Промзона көшесі, 1 ғимарат.

      8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Бұзылық ауылы, Рассветная көшесі, "Бахыт" дүкенінен "Агро Олдиви" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимаратының жанындағы алаңға дейін.

      9. "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Двуречный ауылы, Производственная көшесі, 22 ғимарат.

      10. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Двуречный ауылы, Производственная көшесі, № 1 үйден "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйінің алаңына дейін.

      11. "ЖАНЫСПАЙ ZR" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимараты жанында орналасқан алаң, Жаныспай ауылы, Ленин көшесі, 15 ғимарат.

      12. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Жаныспай ауылы, Ленин және Юбилейная көшелерінің қиылысынан Ленин көшесі бойынша "ЖАНЫСПАЙ ZR" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимаратының жанындағы алаңға дейін.

      13. "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйі ғимараты жанында орналасқан алаң, Заречный ауылы, Бейбітшілік көшесі, 10 ғимарат.

      14. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Заречный ауылы, Тәуелсіздік және Жеңіс көшелерінің қиылысынан "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйінің алаңына дейін.

      15. "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Знаменка ауылы, Центральная көшесі, 2 ғимарат.

      16. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Знаменка ауылы, Горького және Центральная көшелерінің қиылысынан Центральная көшесі бойынша "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін.

      17. "Шыңғыс Хан" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимаратының жанында орналасқан алаң, Интернациональный ауылы, Ленин көшесі, 9 ғимарат.

      18. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Интернациональный ауылы, Ленин көшесі, № 38 үйден "Шыңғыс Хан" жауапкершілігі шектеулі серіктестік жанындағы алаңға дейін.

      19. "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Қаракөл ауылы, Набережная көшесі, 9 ғимарат.

      20. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қаракөл ауылы, Набережная және Молодежная көшелерінің қиылысынан Набережная көшесі бойынша "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін.

      21. Орталық стадион алаңы, Красивое ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 54.

      22. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Красивое ауылы, Тәуелсіздік және Новая көшелерінің қиылысынан Тәуелсіздік көшесі бойынша орталық стадионға дейін.

      23. "Рау Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимараты жанында орналасқан алаң, Красногорский кенті, Строительная көшесі, 32 ғимарат.

      24. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Красногорский кенті, Строительная және Больничная көшелерінің қиылысынан Строительная көшесі бойынша "Рау Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестік жанындағы алаңға дейін.

      25. Ауылдық клуб "Московское" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимаратының жанында орналасқан алаң, Московское ауылы Центральная көшесі, 2 ғимарат.

      26. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Московское ауылы, Центральная және Производственная көшелерінің қиылысынан Центральная көшесі бойынша ауылдық клуб "Московское" жауапкершілігі шектеулі серіктестік жанындағы алаңға дейін.

      27. "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Орловка ауылы, Мира көшесі, 10 ғимарат.

      28. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Орловка ауылы, Мира және Целинная көшелерінің қиылысынан Мира көшесі бойынша "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін.

      29. "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Свободный ауылы, Обушко көшесі, 1 ғимарат.

      30. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Свободный ауылы, Московское және Обушко көшелерінің қиылысынан Обушко көшесі бойынша "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін.

      31. "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Юбилейное ауылы, Школьная көшесі, 14А ғимарат.

      32. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Юбилейное ауылы, Механизаторская көшесі Школьная және Целинная көшелерінің қиылысы "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін.


  Есіл аудандық маслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 82/3 шешіміне
2 қосымша

Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 10.06.2022 № 26/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы:

      1) "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Есіл қаласы, Гагарин көшесі, 1 ғимарат, шекті толу нормасы 100 адам;

      2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Есіл қаласы, Гагарин көшесі, № 39 ғимараты "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық алаңына дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      3) орталық стадион алаңы, Есіл қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 1/1, шекті толу нормасы 80 адам;

      4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Есіл қаласы, Абылай хан және Ғарышкерлер көшелерінің қиылысынан орталық стадионға дейін, шекті толу нормасы 80 адам;

      5) "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимаратының жанында орналасқан алаң, Ақсай ауылы, Ленин көшесі, 1 ғимарат, шекті толу нормасы 60 адам;

      6) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақсай ауылы, Ленин көшесі, "Березка" дүкенінен "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;

      7) "Агро Олдиви" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимаратының жанындағы алаң, Бұзылык ауылы, Промзона көшесі, 1 ғимарат, шекті толу нормасы 70 адам;

      8) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Бұзылық ауылы, Рассветная көшесі, "Бахыт" дүкенінен "Агро Олдиви" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимаратының жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 70 адам;

      9) "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Двуречный ауылы, Производственная көшесі, 22 ғимарат, шекті толу нормасы 50 адам;

      10) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Двуречный ауылы, Производственная көшесі, № 1 үйден "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйінің алаңына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      11) "ЖАНЫСПАЙ ZR" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимараты жанында орналасқан алаң, Жаныспай ауылы, Ленин көшесі, 15 ғимарат, шекті толу нормасы 50 адам;

      12) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Жаныспай ауылы, Ленин және Юбилейная көшелерінің қиылысынан Ленин көшесі бойынша "ЖАНЫСПАЙ ZR" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимаратының жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      13) "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйі ғимараты жанында орналасқан алаң, Заречный ауылы, Бейбітшілік көшесі, 10 ғимарат, шекті толу нормасы 100 адам;

      14) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Заречный ауылы, Тәуелсіздік және Жеңіс көшелерінің қиылысынан "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйінің алаңына дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      15) "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Знаменка ауылы, Центральная көшесі, 2 ғимарат, шекті толу нормасы 80 адам;

      16) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Знаменка ауылы, Горького және Центральная көшелерінің қиылысынан Центральная көшесі бойынша "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін, шекті толу нормасы 80 адам;

      17) "Шыңғыс Хан" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимаратының жанында орналасқан алаң, Интернациональный ауылы, Ленин көшесі, 9 ғимарат, шекті толу нормасы 70 адам;

      18) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Интернациональный ауылы, Ленин көшесі, № 38 үйден "Шыңғыс Хан" жауапкершілігі шектеулі серіктестік жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 70 адам;

      19) "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Қаракөл ауылы, Набережная көшесі, 9 ғимарат, шекті толу нормасы 50 адам;

      20) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қаракөл ауылы, Набережная және Молодежная көшелерінің қиылысынан Набережная көшесі бойынша "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      21) орталық стадион алаңы, Красивое ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 54, шекті толу нормасы 50 адам;

      22) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Красивое ауылы, Тәуелсіздік және Новая көшелерінің қиылысынан Тәуелсіздік көшесі бойынша орталық стадионға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      23) "Рау Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимараты жанында орналасқан алаң, Красногорский кенті, Строительная көшесі, 32 ғимарат, шекті толу нормасы 25 адам;

      24) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Красногорский кенті, Строительная және Больничная көшелерінің қиылысынан Строительная көшесі бойынша "Рау Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестік жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 25 адам;

      25) ауылдық клуб "Московское" жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимаратының жанында орналасқан алаң, Московское ауылы Центральная көшесі, 1 ғимарат, шекті толу нормасы 65 адам;

      26) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Московское ауылы, Центральная және Производственная көшелерінің қиылысынан Центральная көшесі бойынша ауылдық клуб "Московское" жауапкершілігі шектеулі серіктестік жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 65 адам;

      27) "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Орловка ауылы, Мира көшесі, 1 ғимарат, шекті толу нормасы 60 адам;

      28) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Орловка ауылы, Мира және Целинная көшелерінің қиылысынан Мира көшесі бойынша "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;

      29) "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Свободный ауылы, Обушко көшесі, 1 ғимарат, шекті толу нормасы 60 адам;

      30) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Свободный ауылы, Московское және Обушко көшелерінің қиылысынан Обушко көшесі бойынша "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;

      31) "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Юбилейное ауылы, Школьная көшесі, 14А ғимарат, шекті толу нормасы 50 адам;

      32) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Юбилейное ауылы, Механизаторская көшесі Школьная және Целинная көшелерінің қиылысы "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб алаңына дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Есіл ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.


  Есіл аудандық маслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 82/3 шешіміне
3 қосымша

Есіл ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 16/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Есіл ауданында көрсетілген объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекараларынан 400 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады