"Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 6С-52/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 6С-63/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 8237 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 22.12.2023 № 8С-19/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 6С-52/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7825 тіркелген, 2020 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      5 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      7 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      3) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;

      5) 1 қазан – Қарттар күні;

      6) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі";

      8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      еңбек ардагерлері;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар;

      саяси қуғын-сүргiндердің құрбандары;

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар;

      барлық топтағы мүгедектер;

      әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар (қатерлі ісіктермен ауыратындарға, туберкулезбен ауыратындарға, адамның иммунитет тапшылығы вирусымен ауыратындарға және адамның иммунитет тапшылығы вирусы инфекциясы бар балаларға);

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      табысы күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар (отбасылар);

      колледждерде күндiзгi оқу нысаны бойынша ақылы оқитын, ауылдық жерде тұратын, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттер;

      жоғары медициналық оқу орындарында оқитын, жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттер;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар;

      бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.";

      9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек белгіленеді:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;

      еңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      саяси қуғын- сүргiндердің құрбандарына;

      Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      Қарттар күніне:

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:

      барлық топтағы мүгедектерге.

      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Ақмола облыстың жергілікті атқарушы органы келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.";

      10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтініш бойынша келесі санаттағы азаматтардың, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысына қарамастан көрсетіледі:

      Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жарқайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған қатерлі ісіктермен ауыратындарға, адамның иммунитет тапшылығы вирусымен ауыратындарға жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы инфекциясы бар балаларға ай сайын, ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде;

      Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Жарқайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған туберкулезбен ауыратындарға емделуге, ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш берусіз;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) оқиға болған кезден бастап үш айдан кешіктірмей 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы оқитын, ауылдық жерде тұратын, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмелері, оқу орнынан анықтаманың және көп балалы және толық емес отбасылар санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататындығын растайтын анықтаманың негізінде оқуын төлеуге жылына бір рет жылдық оқыту құнының жүз пайыздық мөлшерінде;

      жоғары медициналық оқу орындарында оқитын, жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарттың, оқу орнынан анықтаманың және жоғарыда көрсетілген санаттарға жататындығын растайтын анықтаманың, оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмелері негізінде жылына бір рет оқудың шығынын өтеуге жүз пайыз мөлшерінде;

      бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға, ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге, І, ІІ топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, қатерлі ісіктермен ауыратындарға, туберкулезбен ауыратындарға және адамның иммунитет тапшылығы вирусымен ауыратындарға (күніне 2 талон есебінен ауданның маршруттық автобустарына жол жүру талондары) қалалық және ауданішілік жолаушылар көлігі бағыттарында тегін жол жүруге. Есепті айдан кейінгі 5 жұлдызынан кешіктірілмей қызмет көрсетушілердің шығындары ұсынылған қызмет көрсету актілеріне және жол жүру талондарына сәйкес өтеледі.";

      12 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "12. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ай сайын жүз пайыз мөлшерінде өтініш берусіз әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      коммуналдық қызметтерді және телефон байланысы қызметінің абоненттік төлемақысын төлеу үшін шығындары ұсынған түбіртектердің көшірмелеріне сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы;

      Ұлы Отан соғысының ардагеріне нақты тұрғылықты орыны бойынша алып отырған алаңына сәйкес жылу беру маусымы кезеңінде қатты отын және отын шығындары ұсынған түбіртектердің көшірмелеріне сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы өтеледі.

      Ұлы Отан соғысының ардагері пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын немесе тіркелген отбасы мүшелеріне де әлеуметтік көмек көрсетіледі.";

      3, 4, 5-тараулардың тақырыптары жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі";

      "4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер";

      "5-тарау. Қорытынды ереже".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
К.Байжуманова
      Жарқайың аудандық
мәслихатының хатшысы
У.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады