Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Бірсуат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бірсуат ауылы әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8047 тіркелген, 2020 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірсуат ауылының әкімі | Б.Абенова |