2021 жылға арналған Жақсы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотаcын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № а-4/253 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қарашада № 8186 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық- атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес, 2021 жылға арналған Жақсы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ш. Сейдахметоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданы әкімі Б.Малгаждаров


  Жақсы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "30" қарашадағы
№ а-4/253 қаулысына
1-қосымша

2021 жылға арналған Жақсы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

"Урожай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

226

0,4

2

"АйБат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

89

1,1


  Жақсы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "30" қарашадағы
№ а-4/253 қаулысына
2-қосымша

2021 жылға арналған Жақсы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Урожай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

226

0,4

2

"АйБат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

89

1,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады