Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № а-4/254 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 8219 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № а-10/231 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 31.12.2021 № а-10/231 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. Жақсы ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      "Салық салу объектісінің Жақсы ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № а-6/235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7404 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      "Жақсы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № а-6/235 "Салық салу объектісінің Жақсы ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 6 наурыздағы № а-2/74 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7717 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданы әкімі Б.Малгаждаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жақсы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р.Тәукелов


  Жақсы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ а-4/254 қаулысына
1-қосымша

Жақсы ауданының Жақсы ауылында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Жақсы ауданының Жақсы ауылында салық салу объектісінің орналасуы

Аймаққа бөлу
коэффициенттері

1

Қали Еспенбетұлы көшесі

1,85

2

Бейімбет Майлин көшесі
Бірлік көшесі
Строительная көшесі
Ілияс Жансүгіров көшесі
Мұхтар Әуезов көшесі
Әліби Жангелдин көшесі

1,95

3

Микрорайон шағын ауданы
Болашақ шағын ауданы
Абай көшесі 73, 74 үй

2,05

4

Алия Молдағұлова көшесі
Юрий Гагарин көшесі
Амангелді Иманов көшесі
Әділбек Майкүтов көшесі
Советская көшесі
Сейітжан Жакупов көшесі
Комсомольская көшесі
Дорожная көшесі
Мәншүк Маметова көшесі
Октябрьская көшесі
Молодежная көшесі
Жамбыл Жабаев көшесі
Степная көшесі
Максим Горький көшесі
Мереке көшесі
Целинная көшесі
Транспортная көшесі
Западная көшесі
Энергетиков көшесі
Көктем көшесі
Элеваторная көшесі
Тоқтар Әубәкіров көшесі
Абай көшесі

1,95

5

Дружбы көшесі
Мира көшесі
Тәуелсіздік көшесі
Карл Маркс көшесі
Сәкен Сейфуллин көшесі
Кенжеш Түктібаев көшесі
Пионерская көшесі
Дорожный тұйық көшесі

1,85

  Жақсы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ а-4/254 қаулысына
2-қосымша

Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуы

Аймаққа бөлу
коэффициенттері

1

Белағаш ауылы

1,65

2

Беловод ауылы, Беловод ауылдық округі

1,45

3

Перекатное ауылы, Беловод ауылдық округі

1,30

4

Қайрақты ауылы, Беловод ауылдық округі

1,30

5

Запорожье ауылы, Запорожье ауылдық округі

1,65

6

Лозовое ауылы, Запорожье ауылдық округі

1,25

7

Ешім ауылы, Ешім ауылдық округі

1,55

8

Монастырка ауылы, Ешім ауылдық округі

1,25

9

Қазақстан ауылы, Ешім ауылдық округі

1,20

10

Қийма ауылы, Жаңа Қийма ауылдық округі

1,65

11

Алғабас ауылы, Жаңа Қийма ауылдық округі

1,10

12

Жаңа Қийма ауылы, Жаңа Қийма ауылдық округі

1,65

13

Киев ауылы

1,45

14

Қалмақкөл ауылы, Калинин ауылдық округі

1,35

15

Калинин ауылы, Калинин ауылдық округі

1,40

16

Моховое ауылы, Калинин ауылдық округі

1,25

17

Баяғыз ауылы, Қызылсай ауылдық округі

1,20

18

Киров ауылы, Қызылсай ауылдық округі

1,50

19

Новокиенка ауылы

1,45

20

Подгорное ауылы

1,45

21

Тарасовка ауылы, Тарасов ауылдық округі

1,45

22

Казахское ауылы, Тарасов ауылдық округі

1,00

23

Терісаққан ауылы

1,45

24

Чапай ауылы

1,45


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады