Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 30.11.2020 № а-4/254 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жақсы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жақсы ауданы әкімдігінің "Салық салу объектісінің Жақсы ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № а-6/235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7404 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2-қосымшаның 8-тармағындағы "Қызылсай ауылы, Қызылсай ауылдық округі" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау сол мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданы әкімі | Б.Малгаждаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Д.К.Омаров |
"06" наурыз 2020 жыл