Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 52-340 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 7781 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 13-95 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5756 тіркелген, 2017 жылғы 3 наурызда "Зерделі-Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні (бір рет);

      2) 26 сәуір – Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күні (бір рет);

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні (бір рет);

      4) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні (бір рет);

      5) 1 қазан – Қарттар күні (бір рет);

      6) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнi – қазанның екінші жексенбісі (бір рет);

      7) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл (бір рет).

      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органмен келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.";

      8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы алушыларға ұсынылады:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа санаттардағы тұлғаларға;

      концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

      Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және қатысушыларының әйелдеріне;

      тыл еңбеккерлеріне;

      Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандардың қатарынан тұлғаларға;

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан тұлғаларға;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) тұлғаларға қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      ең төмен зейнетақы мөлшерімен зейнеткерлерге;

      1,2,3 топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (онкологиялық аурулармен, туберкулезбен ауыратын, адамың имун тапшылығы вирусымен ауыратын, амбулаториялық емделуде жүрген адамдар);

      туберкулез жұқтырған балаларға химиялық алдын алу кезінде;

      халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан осал тобына жататын, колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан осал тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге;

      қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, мүлкіне нұқсан келген азаматқа (отбасына);

      өмірлік қиын жағдайда жан басына шаққандағы орташа табыстағы ең төмен күнкөрістегі азаматқа (отбасына);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға.

      Бұл ретте, азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздемелер болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";

      9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандардың қатарынан тұлғаларға;

      2) Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күніне:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан тұлғаларға;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) тұлғаларға қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа санаттардағы тұлғаларға;

      тыл еңбеккерлеріне;

      4) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға, осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға;

      5) Қарттар күніне:

      ең төмен зейнетақы мөлшерімен зейнеткерлерге;

      6) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;

      7) 1-2 қантар – Жаңа жылға:

      16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      8) әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай келесі азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына), не оның мүлкіне зиян келтіру, өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Зеренді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке тең және 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға 100 айлық есептік көрсеткішке тең, бір рет;

      туберкулезбен, адамның имун тапшылығы вирусымен ауыратын азаматтарға жыл ішінде дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      туберкулез жұқтырған балаларға туберкулез диспансерінің тізімі бойынша химиялық алдын алу кезеңінде 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      онкологиялық аурулары бар (онкология және онкогематология) азаматтарға дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы негізінде жыл ішінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын колледж студенттеріне оқу орнымен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты және төлеу туралы квитанциялары негізінде оқу шығындарын 100 пайызға өтеу;

      жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан осал тобына жататын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Зеренді ауданында жұмыспен өтеуді ескере отырып оқу шығындарын жүз пайызға өтеу, төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, Зеренді аудандық ауруханасының бас дәрігері және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты, оқу орнынан берілген анықтама, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты негізінде көрсетіледі;

      халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге, қайтыс болған балаға растайтын құжат негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет төлем жасау шығындары бойынша көрсетіледі, оның ішінде ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде, коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін коммуналдық қызмет жасау шығындары мөлшерінде, от жағу маусымына отын алуға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, байланыс қызметіне абоненттік төлем мөлшерінде, газбен қамтамасыздандыру, ай сайын өтеу күні ауданда қалыптасқан орташа статистикалық бағалар бойынша айына бір баллонның құны мөлшерінде;

      коммуналдық қызмет жасау шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек алушының өтініші бойынша алушының жеке шоттарына көрсетіледі:

      концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын, арнайы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алушылар санатына жататын Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және қатысушыларының әйелдеріне 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын;

      коммуналдық қызмет шығындарына әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде көрсетіледі;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағындағы госпитальдарға бару үшін темір жол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының бірімен кететін станциядан госпитальге дейін жолақы құнын 100 пайыз төлеу мөлшерінде, бір рет;

      босату туралы аңықтаманы ұсыну арқылы, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, алты айдан кешіктірмей, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      9) әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататындарға табыстарын ескере отырып көрсетіледі:

      өмірлік қиын жағдай туындаған кезде ұсынылған санаттардағы азаматтарға жылына бір рет. Көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін әрбір жеке жағдайда арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең, бір рет;

      бірге тұратын 3 және одан да көп мектеп жасындағы балалары бар ең төмен күнкөріс деңгейі халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындарға 1 қыркүйекке мектепке дайындау үшін, әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет.";

      11 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л.Николаева
      Зеренді ауданы мәслихатының
хатшысы
К.Аугалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады