Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 21.10.2020 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 296 ұсынуы бойынша Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округінің Қарлыкөл ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұлақ ауылдық округінің әкімі | О.Бекішев |