Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 8260 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Викторовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Викторовка ауылдық округі Викторовка ауылының аумағында "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 0,9006 гектар жер учаскесін алып қоймастан 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі В.Рукавишников

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады