Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылы және ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 ақпандағы № 49 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 7683 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылы және ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Д.Омаров
      Қорғалжын аудандық
мәслихатының хатшысы
О.Балгабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қорғалжын ауданының әкімдігі

  Қорғалжын аудандық
маслихатының
2020 жылғы "18" ақпандағы
№ 49 шешіміне
1 қосымша

Қорғалжын ауылының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ №

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақтардың шекаралары

1

2

3

I

1,4

Аймақ Қорғалжын ауылының орталық бөлігін қамтиды. Аймақтың шекарасының сол жағынан С. Сейфуллин көшесі, Ә. Шабатов көшесінің қиылысынан өтеді, шығыстан № 5 Агротехникалық колледждің аумағын қамтиды. Оңтүстік жағынан Т. Әубәкіров көшесі бойымен Е. Дүйсенбаев көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне өтеді. Батыстан Нұра өзені бойымен өтеді.

II

1,3

Аймақ ауылдың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен Қ. Мұхамедханов, Е. Дүйсенбаев және Т. Әубәкіров көшелерінің бойымен өтеді. Аймақтың шығыс шекарасы автожолдан өтеді. Оңтүстік және оңтүстік-батыс аймағы ауыл шекарасынан Нұра өзеніне дейін өтеді.

III

1,3

Аймақ ауылдың орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан киылыс бойынша М. Рахымжан көшесіне шығады, қиылыстармен Б. Бұлқышев көшесінің қиылысына дейін шектеседі. Аймақтың шығыс шекарасы Б. Бұлқышев көшесімен өтеді. Оңтүстік автожол бойымен М. Рахымжан және С. Сейфуллин көшелерінен өтеді. Аймақтың батыс жағының шекарасы Нұра өзені шекарасының бойымен өтеді.

IV

1,2

Аймақ Қорғалжын ауылының солтүстік бөлігін қамтиды. Аймақтың шекарасының солтүстік жағынан М. Рахымжан көшесінің қиылысынан ары қарай автожол бойымен, шығыс жағынан Ә. Шабатов көшесіне дейінгі барлық аумақты қамтиды. Оңтүстік жағынан Ә. Шабатов көшесінің бойымен қиылыстардан бастап өндірістік аймақтың аумағымен қоса, М. Рахымжан көшесін өтіп, А. Құнанбаев көшесі мен К. Күмісбеков көшесін қиып өтеді. Аймақтың батыс шекарасы Нұра өзені бойымен өтеді.

V

1,0

Аймақ ауылдың батыс бөлігінде орналасқан. Аумақ келешекте құрылыс салуға арналған. Аймақтың солтүстік, оңтүстік және батыс шекаралары ауылдың дамуының басты жоспарымен анықталған, шығыс аймағы Нұра өзені бойымен өтеді.

VI

1,2

Аймақ ауылдың шығыс және солтүстік бөліктерінде орналасқан. Аумақ келешекте құрылыс салуға арналған. Аймақтың солтүстік, шығыс, оңтүстік шекаралары ауылдың дамуының басты жоспарымен анықталған, солтүстік-батыс жағы Нұра өзені бойымен қиылыс бойынша М. Рахымжан көшесіне өтеді, автожол бойымен ары қарай IV, I, II аймақтарымен шекараласады.

 
  Қорғалжын аудандық
маслихатының
2020 жылғы "18" ақпандағы
№ 49 шешіміне
2 қосымша

Қорғалжын ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ №

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймаққа кіретін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша)

1

2

3

I

2,0

01-008-003

Жантеке ауылы (Қарашалғын ауылдық округі)

1,9

01-008-001

Сабынды ауылы (Сабынды ауылдық округі)

1,8

01-008-005

Кеңбидайық ауылы (Кеңбидайық ауылдық округі)

1,8

01-008-009

Майшұқыр ауылы (Майшұқыр ауылдық округі)

1,88

аймақ бойынша орташа мағына

ІІ

1,6

01-008-032

Абай ауылы (Қорғалжын ауылдық округі)

1,6

01-008-007

Арықты ауылы (Арықты ауылдық округі)

1,6

01-008-002

Қараегін ауылы (Сабынды ауылдық округі)

1,5

01-008-022

Қарғалы ауылы (Қарашалғын ауылдық округі)

1,4

01-008-029

Өркендеу ауылы (Амангелді ауылдық округі)

1,3

01-008-026

Садырбай ауылы (Арықты ауылдық округі)

1,3

01-008-028

Құмкөл ауылы (Коммунар ауылдық округі)

1,3

01-008-020

Алғабас ауылы (Сабынды ауылдық округі)

1,45

аймақ бойынша орташа мағына

III

1,2

01-008-021

Ұялы ауылы (Қарашалғын ауылдық округі)

1,2

01-008-037

Үшсарт ауылы (Қызылсай ауылдық округі)

1,1

01-008-006

Екпінді ауылы (Кеңбидайық ауылдық округі)

1,1

01-008-014

Шалқар ауылы (Қызылсай ауылдық округі)

1,0

01-008-030

Жұмай ауылы (Амангелді ауылдық округі)


өзге қоныстар

1,0

01-008-027

Арықты ауылы (Арықты ауылдық округі)

1,10

аймақ бойынша орташа мағына


өзге қоныстар

IV

0,9

01-008-038

Арықты ауылы (Арықты ауылдық округі)

0,8

01-008-033

Қорғалжын ауылы (Қорғалжын ауылдық округі)

0,7

01-008-035

Шалқар ауылы (Қызылсай ауылдық округі)


өзге қоныстар

0,5

01-008-031

Қорғалжын ауылы (Қорғалжын ауылдық округі)

0,5

01-008-036

Шалқар ауылы (Қызылсай ауылдық округі)

0,5

01-008-023

Жантеке ауылы (Қарашалғын ауылдық округі)

0,5

01-008-039

Арықты ауылы (Арықты ауылдық округі)

0,80

аймақ бойынша орташа мағына


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады