Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округі әкімінің 15.10.2020 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 26 қыркүйектегі № 01-16-286 ұсынуы бойынша, Веселов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округінің Жыланды ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Веселов ауылдық округінің әкімі | Н.Алтенов |