Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 6С-62/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 7928 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6С-5/3 "Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5497 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2) Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 6С-42/2 "Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6С-5/3 "Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7198 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық мәслихаттың
LXІI (кезектен тыс) сессиясының төрағасы
М.Рахимжанов
      Бурабай аудандық мәслихат
хатшысы
У.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады