Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6С-5/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 тамызда № 5497 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 6С-62/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 6С-62/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.
      2. "Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4512 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарында "Бурабай" және "Луч" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
V сессиясының

төрағасы
Ж.Бектұров
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

  Бурабай аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 19 шілдедегі
№ 6С-5/3 шешіміне
қосымша

Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленген.
      2. Бурабай ауданында жиналыстар және митингілер өткізу орындары анықталсын:
      1) Щучинск қаласы, "Рахат" сауда үйінің ауданындағы алаң, Едомский көшесі, 7;
      2) Щучинск қаласы, "Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаң, Киров көшесі, 58;
      3) Щучинск қаласы, "Көкшетау-Мельинвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаң, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 5.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 16.05.2019 № 6С-42/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Бурабай ауданында шерулер және демонстрациялар өткізу үшін келесі маршруттар анықталсын:
      1) Щучинск қаласы, Едомский көшесінің басынан "Рахат" сауда үйінің ауданындағы алаңға дейін;
      2) Щучинск қаласы, Киров көшесінің басынан "Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаңға дейін;
      3) Щучинск қаласы, Мәлік Ғабдуллин көшесінің басынан "Көкшетау-Мельинвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаңға дейін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 16.05.2019 № 6С-42/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарында мыналарға жол берілмейді:
      1) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің атын қорлауға шақыратын транспаранттар, ұрандар, өзге де материалдарды (көзбен шолу, аудио/бейне) пайдалануға, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеуге;
      2) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттар, психотропты заттар немесе оларға ұқсас заттар пайдалануға.
      5. Қоғамдық тәртіпті және пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
      1) әртүрлі жекелеген пикеттерге қатысушылар бір-бірінен кем дегенде 50 метр қашықтықта орналасулары немесе тура көрініп тұрулары қажет;
      2) бір уақытта және күнде, бір нысанда үштен аспайтын жекелеген пикеттерді өткізуге рұқсат беріледі.
      6. Пикетке шығу кезінде:
      1) пикетке шығу нысанының алдында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын қолдануға;
      3) пикет тақырыбы бойынша қысқаша ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат беріледі.
      7. Митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрация өткізуден Бурабай ауданы әкімдігінің бас тартуын алғанда немесе оған тыйым салу туралы шешім болған жағдайларда уәкілдер (ұйымдастырушылар) тез арада барлық дайындық шараларын болдырмауға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады