Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында 2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпановаға жүктелсiн.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі | А.Муздыбаев |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № а-10/421 қаулысына 1 қосымша |
Бурабай ауданында 2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны | 137 | 0,7 |
2 | "ECM INVEST (ИэСэМ ИНВЕСТ)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 330 | 0,6 |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № а-10/421 қаулысына 2 қосымша |
Бурабай ауданында 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | "АЗИЯКОТЛОМАШ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Щучинск қаласындағы филиалы | 176 | 0,6 |
2 | Бурабай ауданының тұрғын үй– коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі "Бурабай жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 262 | 0,8 |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № а-10/421 қаулысына 3 қосымша |
Бурабай ауданында 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | "Бурабай ауданының Щучинск қаласының қалалық шаруашылық бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 38 | 2,6 |
2 | Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жанындағы "Бурабай Су Арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 232 | 0,4 |
3 | "ЭкоСервис Бурабай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 25 | 4 |