Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы № 278 "Ақтөбе қаласының әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 514 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 наурызда № 6845 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы № 278 "Ақтөбе қаласының әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4242 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
А. Есеркепов
      Облыстық мәслихаттың
хатшысы
С. Калдыгулова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады