Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
2020 жылғы 4 мамыры № 187 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 137 "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4338 тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 268 "Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4487 тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 112 "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4877 тіркелген, 2016 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 261 "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5000 тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 486 "Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 268 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5163 тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
6. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 421 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 268 "Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5762 тіркелген, 2017 жылғы 28 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
7. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 213 "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6250 тіркелген, 2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).