Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 112 "Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6024 тіркелген, 2019 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 397 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 112 "Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6397 тіркелген, 2019 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
2020 жылғы 13 мамыры № 202 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия көлемдері
Бюджет түрі | Барлық қажеттілігі, мың теңге | Оның ішінде, мың теңге | ||||
Бірегей тұқымдар | Элиталық тұқымдар | Бірінші репродукция | Бірінші ұрпақ будандары | Элиталық көшеттер | ||
Жергілікті бюджет | 480 000,0 | 2 541,0 | 194 708,0 | 194 686,0 | 39 345,0 | 48 720,0 |
Республикалық бюджет | 42 600,0 | 42 600,0 | ||||
барлығы | 522 600,0 | 2 541,0 | 237 308,0 | 194 686,0 | 39 345,0 | 48 720,0 |