Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 386 және 505-баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына және 2-2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10886 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4686 тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің кіріспесіндегі "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" сөздері мынадай редакцияда жазылсын:
"Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларында:
3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"18) өтемдік отырғызу жоспары - отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;";
29-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"29. Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу, биіктігі 2 метрден кем емес жапырақ тұқымдас, ал 1,5 метрден кем емес қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.";
30-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"30. Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.";
32-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"32. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.
Заңды және жеке тұлғалар ағаштардың өтемдік отырғызу жұмыстарын аяқтаған соң ағаштарды кесуге рұқсат алу кезінде берілген кепілдік хатқа сәйкес уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы хабардар етеді.
Екі жыл уақыт өткен соң уәкілетті орган ұласып өскен ағаштарды жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларында:
келесідей мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;";
келесідей мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
"27) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;";
7-1-тармақ алып тасталсын;
35-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"35. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17242 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.";
46 және 47-тармақтар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"46. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.
47. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
К. Кенжебаев |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Калдыгулова |