Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 442 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 7777 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      "Өзендер" деген бөлім осы қаулының қосымшасына сәйкес реттік нөмірлері 14, 15, 16, 17, 18, 19 жолдармен;

      "Су тоғандар" деген бөлім осы қаулының қосымшасына сәйкес реттік нөмірлері 33, 34, 35 жолдармен толықтырылсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 442 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысымен бекітілген

      Өзендер:

14

Сауқайың

64 км

15

Телқара

61 км

16

Өлкейік

114 км

17

Бақсайыс

100 км

18

Атжақсы

105 км

19

Ойсылқара

113 км

      Су тоғандар:

33

Песчанка

Қобда ауданы

34

Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдың тоғаны

Қарғалы ауданы

35

Тайкеткен - 1

Қарғалы ауданы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады