Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 06.10.2020 № 3678 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 5-2/204 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсақ мүйізді қара малының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Белогор карьері тұрғын үй алабының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны, оның алғашқы ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | А. Шахаров |