Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 1818 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6120 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
15. | Ақтөбе қаласы, "Астана" ауданы, Жаңақоныс тұрғын үй алабы, Больничный көшесі, 3 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Ақтөбе қаласының полиция басқармасының № 28 учаскелік полиция бекетінің әкімшілік ғимараты жанында | тақта | 1 |
".
2. "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы А. Көбеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | А. Шахаров |