Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 316 "Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы" шешімі күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 585 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қазанда № 7554 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, 50 бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 316 "Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-187 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы,
сессия төрайымы
С. Шинтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады