Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 4703 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 7751 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 7014 "Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-216 болып тіркелген, 2018 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

      3. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 4703 қаулысына қосымша

Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 25.08.2022 № 4360 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

Салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Саябақ көшесімен Алтынемел көшесінің (бұрынғы Земледельческая көшесі)қиылысына дейін, Алтынемел көшесімен (бұрынғы Земледельческая көшесі) Мир даңғылының қиылысына дейін, Мир даңғылымен Тургенев көшесінің қиылысына дейін, Тургенев көшесімен, Әлия Молдағұлова даңғылын темір жол және Өтеген Сейітов көшесінің бойымен кесе, Әз Наурыз көшесіне дейін, Әз Наурыз көшесінен Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Красин көшесінің қиылысына дейін, Красин көшесімен 12 Вг шағын ауданның оңтүстік-шығыс жағына дейін, 12 Вг шағын ауданның оңтүстік-шығыс жағы бойынан Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Сәңкібай батыр даңғылының қиылысына дейін, Сәңкібай батыр даңғылынан Әлия Молдағұлова даңғылының қиылысына дейін, Әлия Молдағұлова даңғылымен Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабына дейін қоса алғанда, Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабынан Әлия Молдағұлова даңғылының бойымен Сәңкібай батыр даңғылына дейін, Сәңкібай батыр даңғылымен Макаренко көшесінің қиылысына дейін, Макаренко көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен Вавилов Сергей Васильевич көшесінің қиылысына дейін, Вавилов Сергей Васильевич көшесімен Қазанғап көшесінің қиылысына дейін, Қазанғап көшесімен Пожарский көшесінің қиылысына дейін, Пожарский көшесімен Маресьев көшесінің қиылысына дейін, Маресьев көшесімен Мир даңғылы қиылысына дейін, Мир даңғылымен Саябақ көшесінің қиылысына дейінгі шекараларда.

2,1

2

Ы.Алтынсарин көшесінен бастап Жанқожа батыр көшесінің қиылысына дейін, Жанқожа батыр көшесімен Асау-Барақ көшесінің қиылысына дейін, Асау-Барақ көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Некрасов көшесінің қиылысына дейін, Некрасов көшесімен Пожарный көшесінің қиылысына дейін, Пожарный көшесімен Бершүгір көшесінің қиылысына дейін, Бершүгір көшесімен Нағым Қобыландин көшесінің қиылысына дейін, Нағым Қобыландин көшесімен Тахауи Ахтанов көшесінің қиылысына дейін, Тахауи Ахтанов көшесімен Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Шоқан Уәлиханов көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Интернациональный көшесінің қиылысына дейін, Интернациональный көшесімен Әйтеке би көшесінің қиылысына дейін, Әйтеке би көшесімен Герцен көшесінің қиылысына дейін, Герцен көшесімен Ломоносов көшесінің қиылысына дейін, Ломоносов көшесімен Ы.Алтынсарин көшесінің қиылысына дейінгі шекараларда.

2,0

3

Зауыт көшесімен элеватор аумағының солтүстік бөлігі бойымен "Актюбрентген-1" бау-бақша ұжымы аумағының оңтүстік жағына дейін, "Актюбрентген-1" бау-бақша ұжымы аумағының оңтүстік жағынан, стадионды және мектепке дейінгі ұйым аумағын қоса алғанда Кленовый көшесіне дейін, Кленовый көшесімен Атырау көшесінің қиылысына дейін, Атырау көшесімен Зауыт көшесінің қиылысына дейінгі шекараларда.

1,95

4

Ақтөбе су қоймасы, Елек өзені, Қарғалы өзені су қорғау аймақтары шегінде, Көктем, Балауса, Жібек жолы, Заречный-4, Қарғалы тұрғын үй алаптарын, Есет батыр шағын ауданын қоса алғанда, аурухананың шығыс жағынан Қарғалы өзенінің су қорғау аймағы бойымен "Ақтөбе-Орск" бағытындағы тас жолына дейінгі жерді қоспағанда, Қызылжар тұрғын үй алабы, Украинка тұрғын үй алабы, Кеңес Нокин тұрғын үй алабының солтүстік-батыс бөлігі және Пригородное тұрғын үй алабының батыс бөлігін қоса алғандағы шекараларда.

1,45

5

Авиақалашық, Авиатор-1, Авиатор-2 тұрғын үй алаптары.

1,8

6

Батыс-2 шағын ауданы.

2,0

7

Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс-2 тұрғын үй алаптары.

1,65

8

Чернышевский көшесінен Победа даңғылының қиылысына дейін, Победа даңғылымен "АЗФ-2" бау-бақша ұжымының оңтүстік жағы бойымен Тургенев көшесінің қиылысына дейін, Тургенев көшесімен Мир даңғылының қиылысына дейін, Мир даңғылымен Алтынемел көшесінің (бұрынғы Земледельческая көшесі) қиылысына дейін, Алтынемел көшесімен (бұрынғы Земледельческая көшесі) Саябақ көшесінің қиылысына дейін, Саябақ көшесімен Мир даңғылының қиылысына дейін, Мир даңғылымен Маресьев көшесінің қиылысына дейін, Маресьев көшесімен Пожарский көшесінің қиылысына дейін, Пожарский көшесімен Қазанғап көшесінің қиылысына дейін, Қазанғап көшесімен Вавилов Сергей Васильевич көшесінің қиылысына дейін, Вавилов Сергей Васильевич көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен Макаренко көшесінің қиылысына дейін, Макаренко көшесімен Сәңкібай батыр даңғылының қиылысына дейін, Сәңкібай батыр даңғылымен гараж кооперативі мен № 40 орта мектебінің аумағын қоспағанда, тұрғын үй құрылысының бойымен, А.Чекалин көшесінің қиылысына дейін, А.Чекалин көшесімен КА-168/2 мекемесінің шығыс жағына дейін, КА-168/2 мекемесінің шығыс жағымен Олег Кошевой көшесінің қиылысына дейін, Олег Кошевой көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен Чернышевский көшесінің қиылысына дейінгі шекараларда.

1,9

9

М.Мәметова көшесімен Кеңес Нокин атындағы даңғылының қиылысына дейін, Кеңес Нокин атындағы даңғылынан Елек өзенінің су қорғау аймағының бойымен, Кеңес Нокин атындағы даңғылына іргелес жатқан бау-бақша ұжымдарын қоса алғанда, Сағи Жиенбаев және Гастелло Н.Ф. көшелерінің қиылысына дейін, Сағи Жиенбаев және Гастелло Н.Ф. көшелерінің қиылысынан Сағи Жиенбаевтың көшесімен Южный көшесінің қиылысына дейін, Южный көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Шернияз Жарылғасұлы қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Герцен көшесінің қиылысына дейін, Герцен көшесімен Әйтеке би көшесінің қиылысына дейін, Әйтеке би көшесімен Интернациональный көшесінің қиылысына дейін, Интернациональный көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Шоқан Уәлиханов көшесімен Тахауи Ахтанов көшесінің қиылысына дейін, Тахауи Ахтанов көшесімен Нағым Қобыландин көшесінің қиылысына дейін, Нағым Қобыландин көшесімен Бершүгір көшесінің қиылысына дейін, Бершүгір көшесімен Пожарный көшесінің қиылысына дейін, Пожарный көшесімен Некрасов көшесінің қиылысына дейін, Некрасов көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Асау-Барақ көшесінің қиылысына дейін, Асау-Барақ көшесімен Жанқожа батыр көшесінің қиылысына дейін, Жанқожа батыр көшесімен Ы.Алтынсарин көшесінің қиылысына дейін, Ы.Алтынсарин көшесімен Ломоносов көшесінің қиылысына дейін, Ломоносов көшесімен темір жол бойымен М.Мәметова көшесінің қиылысына дейінгі шекараларда.

1,8

10

Әз Наурыз көшесіндегі көпірден бастап темір жол бойымен Арынов көшесінің қиылысына дейін, Арынов көшесімен А.Иманов көшесінің қиылысына дейін, А.Иманов көшесімен Павлов көшесінің қиылысына дейін, Павлов көшесімен Елек көшесінің қиылысына дейін, Елек көшесімен, Самал тұрғын үй алабы, мәдениет және демалыс саябағын қоса алғанда, Бөкенбай батыр көшесіне дейін, Бөкенбай батыр көшесімен 12 Вг шағын ауданның оңтүстік-шығыс жағы бойымен Красин көшесіне дейін, Красин көшесімен Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Әз Наурыз көшесіне дейін, Әз Наурыз көшесімен көпірге дейінгі шекараларда.

1,9

11

Кірпішті тұрғын үй алабы, "Казахвзрывпром" акционерлік қоғамының аумағын қоса алғанда, теннис корты, Ақжар-2 тұрғын үй алабы, "Ақжар плюс", "Тереңсай", "Сарбаз", "Зеленая" бау-бақша ұжымдары.

1,65

12

Жарық тұрғын үй алабы.

1,45

13

Өнеркәсіп ауданының батыс бөлігін, Жаңақоныс тұрғын үй алабы, Береке тұрғын үй алабы және іргелес жатқан аумақтарын қоса алғанда, "Ақтөбе-Қобда" тас жолы бойынша қала шетіне дейінгі жерлердің шекараларында.

1,55

14

Рауан тұрғын үй алабы.

1,45

15

Чернышевский көшесінен Олег Кошевой көшесінің қиылысына дейін, Олег Кошевой көшесімен КА-168/2 мекемесінің шығыс жағына дейін, КА-168/2 мекемесінің шығыс жағымен А.Чекалин көшесіне дейін, А.Чекалин көшесінен тұрғын үй құрылысының бойымен, гараж кооперативі мен №40 орта мектебінің аумағын қоса алғанда, Сәңкібай батыр даңғылына дейін, Сәңкібай батыр даңғылымен Сақтаған Бәйішев көшесіне дейін, Сақтаған Бәйішев көшесімен "Табыс" базарының аумағына дейін, "Табыс" базарының аумағынан өнеркәсіптік аймағының батыс жағы бойымен Жіңішке өзенінің арнасына дейін, Жіңішке өзені арнасының бойымен өнеркәсіп аймағының солтүстік-батыс аумағы, жобаланып отырған солтүстік көлік-логистика орталығы, индустриялық аймақ, солтүстік өнеркәсіптік аймағы, СМП-555 орамын қоса алғанда, Чернышевский көшесіне дейінгі шекараларда.

1,6

16

Жіңішке станциясының аумағынан Елек өзенінің су қорғау аймағына дейін, шекараларда, Елек өзенінің су қорғау аймағы бойымен "Запказэнерго РУ" бау-бақша ұжымының солтүстік жағына дейін, "Запказэнерго РУ" бау-бақша ұжымының солтүстік жағынан, 312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойымен темір жол көлігі, тұрмыстық және өнеркәсіптік құрылыстардың жерлерін қоса алғанда, Ломоносов көшесіне дейін, Ломоносов көшесімен Герцен көшесінің қиылысына дейін, Герцен көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Гастелло Н.Ф. көшесінің қиылысына дейін, Гастелло Н.Ф. көшесімен Нефтяников көшесінің қиылысына дейін, "Ромашка" бау-бақша ұжымының жерін қоса алғанда Нефтяников көшесімен, 41 разъезд, Новый Ясное тұрғын үй алабы, құс фабрикасы аумақтарын қоса алғанда "Ақтөбе-Қандыағаш" бағытындағы айналма автомобиль жолына дейін, Ақтөбе су қоймасының су қорғау аймағы бойымен, "Ақтөбе-Қандыағаш" бағытындағы тас жолындағы темір жол бойымен қала шекарасына дейін, "Ақтөбе-Қандыағаш" бағытындағы тас жолындағы темір жол бойымен қала шекарасынан №406 авиациялық жөндеу зауытының аумағын, әуежай ғимаратын, Сельмаш-2 шағын ауданы, "Авиатор-1" гараж кооперативінің бөлігін қоса алғанда, Елек көшесіне дейін, Елек көшесімен Павлов көшесінің қиылысына дейін, Павлов көшесімен А.Иманов көшесінің қиылысына дейін, А.Иманов көшесімен Арынов көшесінің қиылысына дейін, Арынов көшесімен Сержан Жаманқұлов көшесінің қиылысына дейін, Сержан Жаманқұлов көшесімен темір жол бойымен Әз Наурыз көшесіне дейін, Әз Наурыз көшесімен Өтеген Сейітов көшесіне дейін, Өтеген Сейітов көшесімен Тургенев көшесіне дейін, Тургенев көшесімен Чернышевский көшесіне дейін, Чернышевский көшесінен "АЗФ-2" бау-бақша ұжымы жерінің оңтүстік жағы бойымен Победа даңғылының қиылысына дейін, Победа даңғылымен Чернышевский көшесінің қиылысына дейін, Чернышевский көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Жіңішке станциясына дейінгі темір жол бойындағы бау-бақша ұжымдарының жерлерін қоспағандағы шекараларында.

1,55

17

Ипподром аумағы, одан әрі "Ақтөбе-Орск" және "Ақтөбе-Хромтау" тас жолдарына қарай жол айырығынан Есет батыр шағын ауданының шекарасына дейін, одан әрі Жібек жолы, Заречный-4 тұрғын үй алаптарымен шектесетін "Ақтөбе-Хромтау" тас жолының оңтүстігіне қарай, "Ақтөбе-Орск" және "Ақтөбе-Хромтау" тас жолдарының жол айрығына дейінгі шекараларда.

0,8

18

Ақжар тұрғын үй алабы аумағының іргелес бау-бақша ұжымдарымен шекарасында.

1,2

19

Солтүстік-батыс бөлігін қоспағанда Кеңес Нокин тұрғын үй алабы.

1,6

20

Батыс-2 шағын ауданының оңтүстігіне қарай орналасқан аумақ.

0,8

21

Сазды, Бауырластар, Бауырластар-2 тұрғын үй алаптары, "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" ауруханасының жерлері, Құрашасай, Қанағат, Қурайлы тұрғын үй алаптары.

1,35

22

Южный көшесімен, зират аумағын қоспағанда, Сағи Жиенбаев көшесінің қиылысына дейін, Сағи Жиенбаев көшесімен Гастелло Н.Ф. көшесінің қиылысына дейін, Сағи Жиенбаев және Гастелло Н.Ф. көшелерінің қиылысынан тұрғын үй құрылысы бойымен 41 разъезд бағытындағы тас жолымен В.Ф.Зинченко көшесіне дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Орынбор көшесінің қиылысына дейін, Орынбор көшесімен Нефтяников көшесінің қиылысына дейін, Нефтяников көшесімен Гастелло Н.Ф. көшесінің қиылысына дейін, Гастелло Н.Ф. көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Южный көшесінің қиылысына дейінгі шекараларда.

1,55

23

Сәңкібай батыр даңғылынан, "Сазды орманшылығы" бау-бақша ұжымының аумағын қоса алғанда, Сазды өзенінің екі жағындағы Сазды су қоймасы жағына қарай шекараларда.

1,0

24

Ақжар тұрғын үй алабына қарай тас жол бойымен Ақжар-2 тұрғын үй алабынан оңтүстікке қарай орналасқан бау-бақша ұжымдары.

0,8

25

Өрлеу, Пригородное, Садовое, Бекқұл баба, Ақшат тұрғын үй алаптары.

1,25

26

Бөкенбай батыр көшесінен Сазды өзені арнасының бойымен Сазды су қоймасының демалыс аймағына дейін, бір жағынан іргелес объектілері бар автомобиль базарының аумағын қоспағанда, екінші жағынан әуежайдың ұшу жолағын және Жаңа-Әлжан элеваторының аумағын қоса алғанда, "Қандыағаш-Атырау" бағытындағы тас жолымен қала шекарасындағы жол өтпесіне дейін, сондай-ақ Думан тұрғын үй алабының шекараларында.

0,95

27

Шиелісай, Белогорка, Өлке тұрғын үй алаптары.

0,95

28

Сазды су қоймасынан оңтүстік-шығысқа қарай "Ақтөбе-Қандыағаш" бағытындағы тас жолымен қала шекарасына дейін орналасқан "Ақтөбе орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің жерлері.

0,8

29

Елек өзені арқылы өтетін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өндірістік аймағының арғы жағында, Жақсы-Қарғалы өзенінің су қорғау аймағының шекарасына дейін орналасқан жерлер.

0,8

30

Кеңес Нокин тұрғын үй алабының шығыс жағынан оңтүстікке қарай Жаман-Қарғалы өзенінің су қорғау аймағының шекарасына дейін орналасқан жерлер.

0,8

31

Сағи Жиенбаев және Гастелло Н.Ф. көшелерінің қиылысынан және бір жағынан Елек өзенінің су қорғау аймағы, екінші жағынан "Ақтөбе-Қандыағаш" бағытындағы айналма автомобиль жолының бойымен Ақтөбе су қоймасы мен Новый Ясное тұрғын үй алабының су қорғау аймағына дейін орналасқан жерлер.

0,8

32

"Ақтөбе-Хромтау" тас жолының оңтүстігіне қарай және бір жағынан Ақтөбе су қоймасы мен Елек өзенінің су қорғау аймағының шығысына қарай, екінші жағынан шығыс пен оңтүстік-шығыстағы қала шекарасына дейін орналасқан жерлер.

0,8

33

Солтүстік-батыс өндірістік аймақтың батыс шекарасы мен Жіңішке өзенінің су қорғау аймағы арасында орналасқан жерлер.

0,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады