Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 4703 "Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 4360 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29375 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің "Ақтөбе қаласы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2020 жылғы 30 қарашадағы № 4703 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7751 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

4

Ақтөбе су қоймасы, Елек өзені, Қарғалы өзені су қорғау аймақтары шегінде, Көктем, Балауса, Жібек жолы, Заречный-4, Қарғалы тұрғын үй алаптарын, Есет батыр шағын ауданын қоса алғанда, аурухананың шығыс жағынан Қарғалы өзенінің су қорғау аймағы бойымен "Ақтөбе-Орск" бағытындағы тас жолына дейінгі жерді қоспағанда, Қызылжар тұрғын үй алабы, Украинка тұрғын үй алабы, Кеңес Нокин тұрғын үй алабының солтүстік-батыс бөлігі және Пригородное тұрғын үй алабының батыс бөлігін қоса алғандағы шекараларда.

1,45

      ";

      реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

10

Әз Наурыз көшесіндегі көпірден бастап темір жол бойымен Арынов көшесінің қиылысына дейін, Арынов көшесімен А.Иманов көшесінің қиылысына дейін, А.Иманов көшесімен Павлов көшесінің қиылысына дейін, Павлов көшесімен Елек көшесінің қиылысына дейін, Елек көшесімен, Самал тұрғын үй алабы, мәдениет және демалыс саябағын қоса алғанда, Бөкенбай батыр көшесіне дейін, Бөкенбай батыр көшесімен 12 Вг шағын ауданның оңтүстік-шығыс жағы бойымен Красин көшесіне дейін, Красин көшесімен Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Әз Наурыз көшесіне дейін, Әз Наурыз көшесімен көпірге дейінгі шекараларда.

1,9

      ";

      реттік нөмірі 11-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

11

Кірпішті тұрғын үй алабы, "Казахвзрывпром" акционерлік қоғамының аумағын қоса алғанда, теннис корты, Ақжар-2 тұрғын үй алабы, "Ақжар плюс", "Тереңсай", "Сарбаз", "Зеленая" бау-бақша ұжымдары.

1,65

      ";

      реттік нөмірі 12-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

12

Жарық тұрғын үй алабы.

1,45

      ";

      реттік нөмірі 17-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

17

Ипподром аумағы, одан әрі "Ақтөбе-Орск" және "Ақтөбе-Хромтау" тас жолдарына қарай жол айырығынан Есет батыр шағын ауданының шекарасына дейін, одан әрі Жібек жолы, Заречный-4 тұрғын үй алаптарымен шектесетін "Ақтөбе-Хромтау" тас жолының оңтүстігіне қарай, "Ақтөбе-Орск" және "Ақтөбе-Хромтау" тас жолдарының жол айрығына дейінгі шекараларда.

0,8

      ";

      реттік нөмірі 21-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

21

Сазды, Бауырластар, Бауырластар-2 тұрғын үй алаптары, "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" ауруханасының жерлері, Құрашасай, Қанағат, Қурайлы тұрғын үй алаптары.

1,35

      ";

      орыс тіліндегі қаулының, реттік нөмірі 24-жолға өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады