Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 365 "2020 - 2022 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 7465 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9–1 бабының 2 тармағына, 109-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 365 "2020-2022 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6721 тіркелген, 2020 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақта:

      1) тармақшасында:

      кірістер "33 468,1" сандары "35 468,1" сандарымен ауыстырылсын;

      трансферттер түсімі

      "32 642,1" сандары "34 642,1" сандарымен ауыстырылсын;

      2) тармақшасында:

      шығындар "33 468,1" сандары "35 468,1" сандарымен ауыстырылсын;

      қазақ тіліндегі 3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;

      2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 651 теңге;

      3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 31 183 теңге;

      2020 жылғы 1 сәуірден бастап:

      1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 778 теңге;

      2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.",

      орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Көрсетілген шешімінің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      А. Дошаев
      Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы
      Е. Тансыкбаев

  Әйтеке би аудандық мәслихаттың
  2020 жылғы 14 қыркүйектегі
  № 464 шешіміне қосымша
  Әйтеке би аудандық мәслихаттың
  2020 жылғы 6 қаңтардағы
  № 365 шешіміне 1-қосымша

2020 жылға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджеті

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

2020 жылға нақтыланған бюджет, мың теңге




I. КІРІСТЕР

35468,1

1



Салықтық түсімдер

706,0


04


Меншікке салынатын салықтар

706,0



1

Мүлікке салынатын салықтар

6,0



3

Жер салығы

20,0



4

Көлік құралдарына салынатын салық

680,0

2



Салықтық емес түсімдер

120,0


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

120,0



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

120,0

4



Трансферттердің түсімдері

34642,1


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

34642,1



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

34642,1

Функционалдық топ

Кіші функционалдық топ

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Атауы

2020 жылға нақтыланған бюджет, мың теңге





II. ШЫҒЫНДАР

35468,1

1




Жалпы сиппатағы мемлекеттік қызметтер

16476,1


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

16476,1



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

16476,1




001

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

16476,1

4




Бiлiм беру

15716,0


1



Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту

15716,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

15716,0




004

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

15716,0

7




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2776,0


3



Елді-мекендерді көркейту

2776,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2776,0




008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

500,0




009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

2000,0




011

Елді мекендерде абаттандыру мен көгалдандыру

276,0

12




Көлiк және коммуникация

500,0


1



Автомобиль көлiгi

500,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

500,0




013

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

500,0





III. Таза бюджеттік кредит беру

0,0





IV. Қаржы активтерімен жасалатын операция бойынша сальдо

0,0





V. Бюджет тапшылығы (профицит)

0,0





VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады