Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 364 "2020 - 2022 жылдарға арналған Құмқұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 463 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 7468 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9–1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 364 "2020-2022 жылдарға арналған Құмқұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6723 тіркелген, 2020 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      қазақ тіліндегі 3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;

      2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 651 теңге;

      3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 31 183 теңге;

      2020 жылғы 1 сәуірден бастап:

      1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 778 теңге;

      2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.",

      орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      А. Дошаев
      Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы
      Е. Тансыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады