Әйтеке би ауданы әкімдігінің 22 қараша 2019 жылғы № 247 "Әйтеке би ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 293 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 7829 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 22 қараша 2019 жылғы № 247 "Әйтеке би ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6486 тіркелген, 2019 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданының әкімі Д. Ермаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады