Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің 18.11.2020 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 2-7/142 ұсынысының негізінде, Жабасақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жабасақ ауылдық округі Аққұм ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Әйтеке би ауданының "Жабасақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жабасақ ауылдық округінің әкімі | Т. Жусупов |