2020 жылға арналған Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 78 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 6870 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 5 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Алға ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Алға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 311 "Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5636 тіркелген, 2017 жылғы 8 қыркүйекте "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімі М. Аккагазов

  Алға ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 78 қаулысына қосымша

2020 жылға арналған Алға ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

410

4%

16

2

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

93

2%

2

3

"Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

101

3%

3

4

"Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

57

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады