Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 332 "2020-2022 жылдарға арналған Ақай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 410 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қыркүйекте № 7426 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 332 "2020-2022 жылдарға арналған Ақай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6768 тіркелген, 2020 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      3 тармақ келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төменгі мөлшері - 42 500 теңге;

      2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -2 651 теңге;

      3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 31 183 теңге;

      2020 жылғы 1 сәуірден бастап:

      1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -2 778 теңге;

      2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 32 668 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.".

      2. "Алға аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихат сессиясының төрағасы
Р. Еркусимова
      Алға аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Жумабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады