ЗҚАИ-дың ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға арналған Алға ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға ауданының әкімі | М. Аккагазов |
Алға ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 444 қаулысына қосымша |
2021 жылға арналған Алға ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 06.04.2021 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 45 | 1 % | 1 |
2 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 Алға мектеп - бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 58 | 2 % | 1 |
3 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "В.И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 55 | 2 % | 1 |
4 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 Алға қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 56 | 2 % | 1 |
5 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 Алға орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 57 | 2 % | 1 |
6 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 68 | 2 % | 1 |
7 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Есет батыр атындағы мектеп - бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 60 | 2 % | 1 |
8 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бестамақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 108 | 2 % | 2 |
9 | "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үшқұдық мектеп - бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 84 | 2 % | 2 |
10 | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 200 | 3 % | 6 |
11 | "Ақтөбе облысы Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 99 | 2 % | 2 |
12 | "Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға -Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 91 | 2 % | 2 |
13 | "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алға балалар - жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 55 | 2 % | 1 |
14 | "Аққұс - Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 51 | 2 % | 1 |