Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 шілдедегі № 247 "Байғанин ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 309 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 6831 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 шілдедегі № 247 "Байғанин ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулықсақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6305 тіркелген, 2019 жылы 6 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшерінде:

      5 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Н. Сарыбаева
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады