Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 352 "Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 18 "Байғанин ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 363 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 7373 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 79 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 12.11.2021 № 79 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 352 "Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 18 "Байғанин ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7210 тіркелген, 2020 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің 1 тармағында:

      "2018 жылғы 12 наурыздағы" сөздері "2016 жылғы 29 сәуірдегі" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Г. Елеуова
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады