Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 296 "2020-2022 жылдарға арналған Ащы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 369 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 7454 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-1 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 296 "2020-2022 жылдарға арналған Ащы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6670 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төмен мөлшері - 42 500 теңге;

      2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге;

      3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 31 183 теңге;

      2020 жылғы 1 сәуірден бастап:

      1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 778 теңге;

      2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 32 668 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.".

      2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      3. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Н. Жанғалиев
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев

  Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйегі № 369 шешіміне қосымша
  Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 296 шешіміне 1 қосымша

2020 жылға арналған Ащы ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы (мың теңге)


Сыныбы


Iшкi сыныбы


Атауы




І. КІРІСТЕР

54 333,0

1



Салықтық түсімдер

1 269,0


01


Табыс салығы

0,0



2

Жеке табыс салығы

0,0


04


Меншiкке салынатын салықтар

1 269,0



1

Мүлiкке салынатын салықтар

29,0



3

Жер салығы

140,0



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1 100,0

4



Трансферттердің түсімдері

53 064,0


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

53 064,0



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

53 064,0


Функционалдық топ

Сомасы (мың теңге)


Кіші функция


Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi


Бағдарлама


Атауы





II. ШЫҒЫНДАР

54 333,0

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

18 499,0


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

18 499,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

18 499,0




001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

18 499,0

04




Бiлiм беру

31 786,0


1



Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту

31 786,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

31 786,0




041

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

31 786,0

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2 550,0


3



Елді-мекендерді көркейту

2 550,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2 550,0




008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

1 093,0




009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

500,0




011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

957,0

13




Басқалар

1 498,0


9



Басқалар

1 498,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1 498,0




040

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру

1 498,0





ІII. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ

0,0





IV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

0,0





V. Бюджет тапшылығы (профициті)

0,0





VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады