Ырғыз аудандық әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 254/60 "Тәуіп ауылдық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 246 бірлескен қаулысы және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 қарашадағы № 353 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 7710 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Ырғыз аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық әкімдігінің және мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 254/60 "Тәуіп ауылдық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-5-86 тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпандағы "Ырғыз" газетінде жарияланған) бірлескен қаулысына және шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі бірлескен қаулының және шешімнің 2 қосымшасы осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен қаулыны және шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз ауданының әкімі А. Шахин
      Ырғыз аудандық
мәслихаты сессиясының төрағасы
М. Турымов
      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Қосаяқов

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 246 қаулысы және Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 қарашадағы № 353 бірлескен шешіміне қосымша
  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 254 қаулысы мен Ырғыз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 60 шешіміне № 2 қосымша

Тәуіп ауылдық округінің елді мекеніне қосымша берілген жер көлемдері

Округ, елді мекен атауы

Бұрын берілген жер, гектар

Босалқы жерден қосымша берілген жер, гектар

1

Құйылыс

10164

7519


Барлығы

10164

7519

      кестенің жалғасы

Округ, елді мекен атауы

Оның ішінде

Барлық жер көлемі, гектар

Жайылым, гектар

Басқалары, гектар

2

Құйылыс

15350

2333

17 683


Барлығы

15350

2333

17 683

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады