Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 21.09.2020 № 121 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 2-17/ 111 ұсынысы негізінде, Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округінің "Олипм-2023" өндірістік кооперативі аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауылдық округінің әкімі | А. Сарин |