Карантинді алу және Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 37 "Ырғыз ауылдық округінің "Олимп-2023" өндірістік кооперативінің аумағына карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 121 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 7451 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 шілдедегі № 2-18/265 ұсынысы негізінде Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округінің "Олимп-2023" өндірістік кооперативінің аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс - шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.

      2. Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 37 "Ырғыз ауылдық округінің "Олимп-2023" өндірістік кооперативінің аумағына карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7086 болып тіркелген, 2020 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. Сарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады