2020 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қаңтарда № 6778 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 5 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 63 "Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6033 тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Төлегеновке жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының әкімі
      А. Джусибалиев

  Қарғалы ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 20 қаңтары № 7
  қаулысына қосымша

2020 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Степное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

236

3

7

2

"ДиЛэнд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

2

1

3

"Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бадамша – Сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

73

2

1

4

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарғалы аудандық ауруханасы" мемелекеттік коммуналдық кәсіпорыны

252

4

10

5

"Қарғалы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1005

4

40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады