Қарғалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 375 "Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 423 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 наурызда № 6871 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 470 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 03.06.2020 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарғалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 375 "Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6348 тіркелген, 2019 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшерінде:

      5 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      Ж. Кольжанов
      Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы
      Н. Заглядова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады