Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-10-3/300 ұсынысы негізінде, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарық ауылдық округінің Қанай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Жарық ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 22 мамырдағы № 3 "Жарық ауылдық округінің Қанай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 6177 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін, оны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Е. Имангазин |