Жарық ауылдық округінің Қанай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 мамырда № 6177 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 27.02.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10–1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2019 жылғы 7 наурыздағы № 2-10-3/73 ұсынысы негізінде, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі мүйізді қара малының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Жарық ауылдық округінің Қанай ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Қобда аудандық әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарық ауылдық округінің әкімі Е. Имангазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады