Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-10-3/299 ұсынысы негізінде, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарық ауылдық округінің Қырғыбаз қыстағында орналасқан "Майлыбай" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында анаэробтық энтертоксимия ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Жарық ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 18 желтоқсандағы № 7 "Жарық ауылдық округінің Қырғыбаз қыстағында орналасқан "Майлыбай" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 6561 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін, оны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарық ауылдық округінің әкімі | Е. Имангазин |