Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 187 "Мұғалжар ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-196 тіркелген, 2018 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Мұғалжар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
К. Тукешев |
Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы |
Р. Мусенова |