Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Ембі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданы Ембі қаласы әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 177 "Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында көше атауларын қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-9-67 болып тіркелген, 2008 жылғы 1 қазанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қазақ тіліндегі шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Ембі қаласы тұрғындарының конференциясының және 2008 жылғы 12 маусымдағы аудандық ономастика комиссия отырысының № 3 хаттамасының шешіміне сәйкес, Мұғалжар ауданы Ембі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. "Ембі қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ембі қаласының әкімі |
Ә. Қорғанбай |