Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 433 "2020-2022 жылдарға арналған Тасқопа ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 521 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 7494 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 433 "2020-2022 жылдарға арналған Тасқопа ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6751 тіркелген, 2020 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      3 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңге;

      2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш 2 651 теңге;

      3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 31 183 теңге;

      2020 жылғы 1 сәуірден бастап:

      1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш 2 778 теңге;

      2) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 32 668 теңге белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.".

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      Е. БАЛБОСЫНОВ
      Темір аудандық мәслихатының хатшысы
      Б. Избасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады